Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда алаяқ зейнеткердің атынан онлайн-несие алған

Павлодарда алаяқ зейнеткердің атынан онлайн-несие алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 9 айында Павлодар облысының аумағында ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларға қатысты 800-ден астам алаяқтық тіркелді.

Мысалы, жақында полицияға 63 жастағы зейнеткер оның атына белгісіз біреу онлайн-несиені заңсыз рәсімдегені туралы арызданды. Тергеу анықтағандай, бір көшеде тұрып, әңгіме барысында жас жігіт әйелден оның жеке куәлігін сұрап, оны ұялы телефонына суретке түсірген. Сондай-ақ, банктердегі несиені ресімдеу кезіндегідей беттің профилін суретке түсірген. Содан кейін осы ақпаратты пайдалана отырып, оның атына онлайн дүкендердің бірінде “iPhone 12 PRO Max”  екі ұялы телефонын сатып алуға онлайн кредит рәсімдеген. Шығын шамамен екі миллион теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Павлодар облысының жедел қызметкерлері Ленин кентінің 22 жастағы тұрғынын анықтады. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру