Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда автоұры ұсталды

Павлодарда автоұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 2021 жылдың 11 мамырында полицияға ер адам Павлодар қаласындағы М. Жүсіп көшесіндегі үйдің ауласынан белгісіз адам оның “Lexus RX350″автокөлігін айдап кеткенін айтып, арызданған. Ер адам кешке аулаға өз жұмыстарымен бару үшін шығып, орнында тұрған көлікті таппағанын айтты. Иесіне келтірілген шығын 6 млн. теңгені құрады, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер қаскүнемді ұстады, ұрланған көлікті тапты.

Ұсталған адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру