Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ сыбайлас жемқорлықты жою бойынша жұмысты жалғастыруда

ІІМ сыбайлас жемқорлықты жою бойынша жұмысты жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің еліміздің түрлі өңірлерінде жүргізген тергеу әрекеттері өткен аптада интернет алаңында кеңінен талқыланды.
​Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ Қостанай және Жамбыл облыстары Полиция департаменттерінің тергеу бөлімшелерінің орта буын басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Осы фактілер бойынша толық ақпарат қазіргі уақытта тергеу аясында жариялауға жатпайды.

Сонымен қатар, ІІМ жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес өз қатарындағы заңдылықты сақтау, бұзушылықтарды жою және мемлекеттік қызметке кір келтіретін кез келген іс-қимылдың жолын кесу жөніндегі жүйелі шараларды іске асыруды жалғастырып жатқанын атап өту қажет.

– Ел басшылығы ІІМ алдына сыбайлас жемқорлықты жою және полиция қатарында тәртіп орнату бойынша міндет қойған кезде, олардың орындалмайтындығы туралы пессимистік болжамдар айтылды. Бірақ бүгінгі таңда жұмыс нәтижелерін беруде: парақорлық фактілері екі есе, сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтар үштен бірге азайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылдың төрт айындағы деректер. Бұл жұмыс халықтың сенім деңгейін арттыру және азаматтардың полицияға деген сенімін қайтару үшін жалғасатын болады, – деп атап өтті министр Ерлан Тұрғымбаев.

Ведомство басшысының тапсырмасы бойынша қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін арттыруға, осындай құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жол бермеуге баса назар аударылады.

Жеке құрамға құқық қорғау органдарының қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатаңдату бөлігінде қылмыстық заңнамадағы өзгерістер түсіндіріледі.

Қазіргі уақытта Өзіндік қауіпсіздік департаментінің жүйелі жұмысы жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру