Павлодарда бағдаршамның қызыл түсіне өткен жүргізушіге айыппұл салынды
Павлодарда бағдаршамның қызыл түсіне өткен жүргізушіге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызыл түске өту – бұл жол қозғалысы ережесін бұзу, ол жүргізушілердің маңызды сигналды елемеуінің салдарынан жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін.
Әрбір жүргізуші, сондай-ақ жаяу жүргінші бағдаршамның тек қала көркі үшін орнатылмағанын біледі. Оның басты міндеті – қозғалысты реттеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Жыл басынан бері полицейлер бағдаршамның тыйым салатын белгісіне бағынбау бойынша 40-қа жуық құқық бұзушылықтың жолын кесті.
- Мысалы Павлодар қаласында Н. Назарбаев көшесінде Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салатын белгісіне бағынбай, қызыл түске өтті. Полицейлер жүргізушіге 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салып, әкімшілік хаттама толтырды, – дейді Павлодар облысы ПД.
Жол ережесін сақтап, өзге жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге құрметпен қараңыздар. Бірнеше секунд үнемдеуді ойлап, қауіпке бас тіккенше, жасыл түсті күткен дұрыс.
"Заң және тәртіп" қағидаты – ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.