Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда есірткіге қарсы акция ұйымдастырылды

Павлодарда есірткіге қарсы акция ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері Павлодар облыстық мәслихатының депутаттарының, Павлодар облыстық Жастарды қолдау кеңесінің белсенділерінің, Amanat партиясының “Жастар Рухы” жастар қанатының, Жастар бастамаларын дамыту орталығының еріктілері мен блогерлердің қолдауымен нашақорлықтың алдын алу бойынша парақшалар мен буклеттер тарата отырып, “Біз есірткіге қарсымыз” есірткіге қарсы акциясын өткізді.

Іс-шараға қатысушылар белсенді өмірлік ұстанымға сүйене отырып, тұрғындар мен жастарды өз денсаулығын сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға, қиындықтарға төтеп беруді үйренуге, егер өмірлік қиын жағдайға тап болса, сенім телефондарын пайдалануға шақырды. Сондай-ақ cіздің балаңыз есірткі қабылдаса, тыйым салынған заттардың заңсыз айналымы саласындағы заңсыз әрекеттердің куәгері болған жағдайда не істеу қажеттігі және онымен қалай күресу керектігі туралы ақпараты бар буклеттер таратылды. Сонымен қатар буклеттерде есірткіні қолданудың жағымсыз әсерлері және олардың денсаулыққа әсері туралы мәлімет берілген.

– Нашақорлық – әуестену емес, өлімге әкелетін ауру. Одан арылу мүмкін емес. Сіздің өміріңіз сіздің қолыңызда екенін және оның қаншалықты бақытты және ұзақ немесе қысқа, азап пен тозаққа толы болатыны сізге ғана байланысты екенін есте ұстаған жөн, – деді Павлодар облыстық Жастарды қолдау кеңесінің төрағасы Рахат Тұрлыбай.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру