Павлодарда оқушыларға есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Павлодарда оқушыларға есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодарда Мәшһүр Жүсіп атындағы орта білім беру мектебінде республикалық "Есірткіге жол жоқ!" акциясы аясында жастармен кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін зияны туралы түсіндіру және жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру.
Кездесу барысында оқушылар "Есірткіге жол жоқ!" тақырыбында сурет салып, шығармашылық байқауға қатысты. Жасөспірімдер өз ойлары мен азаматтық ұстанымдарын шығармашылық арқылы жеткізіп, белсенділік танытты. Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстардың авторларына арнайы сыйлықтар табысталды.
Іс-шараға Павлодар облысы полиция департаменті жанындағы есірткіге қарсы іс-қимыл кеңесінің мүшелері, қоғам белсенділері Артем Граблев, Ризат Рахимжанов және Жамиля Буламбаева, Павлодар облысы ПД есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Ирина Тимиргалиева, сондай-ақ "Жастар Рухы" жастар қанаты Павлодар облыстық филиалының төрағасы Жүсіп Мерғали қатысты.
Кездесу еркін форматта өтіп, қонақтар жастармен ашық пікір алмасты. Тараптар салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы, есірткінің адам денсаулығы мен өміріне тигізетін кері әсері және жастардың белсенді азаматтық ұстанымы туралы пікірлерін ортаға салды.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің зиянды әдеттердің салдарын түсінуіне, дұрыс өмірлік бағыт қалыптастыруына және салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етеді.
