Павлодарда өзін нашар сезінген адамға көмектесу үшін полицияны шақыртқан жігіт марапатталды
Павлодарда өзін нашар сезінген адамға көмектесу үшін полицияны шақыртқан жігіт марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жағажайда өзін нашар сезінген адамды көрген 19 жастағы Иван Самойленко «SOS» батырмасын басып, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Шақыру орнына дереу автопатруль келді, кейін жедел жәрдем жіберіліп, азамат құтқарылды.
Полиция басшылығы бұл туралы аудандық газетте Черныш отбасы ұлы мен ағасы Виталий Махиненконы құтқарғандардың барлығына білдірген алғыстан хабардар болды. Сол кезде жас жігітті құтқаруда «SOS» батырмасының атқарған қызметі зор болды. Игорь Самойленконың әрекетіне және оның оқиғаға бей-жай қарамағанына полиция басшылығы да назар аударды.
– Біз бұл жақсылығы үшін жігітті ынталандыруды жөн көрдік. Иван Самойленко 19 жаста, ол Мәскеу қаласындағы оқу орындарының бірінің студенті. Оның азаматтық ұстанымының, айналасындағылардың қасіреттері мен мәселелеріне бей-жай қарамауының арқасында жас жігіт аман қалды. Оған денсаулық пен амандық тілеймін, оның өмір жолында нағыз достар мен жақсы адамдар кездессін, – деп атап өтті Павлодар облысы Тереңкөл ауданы полиция бөлімінің бастығы Арман Кәрімов.
Бүгін полиция бөлімі бастығының орынбасары Рашид Қайыржанов полицияның жеке құрамы алдында Иванға алғыс хат табыс етті.
Өз кезегінде жас жігіт мұқтаж азаматтарға қолдан келгенше көмек көрсетіп, мүмкіндігінше жақсылық жасай алатынын атап өтіп, өзіне көрсетілген құрмет үшін алғыс айтып, полицейлердің қызметіне табыс тіледі.
– Иван әрқашан өте мейірімді, жанашыр және көпшіл бала болып өсті. Басқаларға жақсылық жасау – Ваняның сүйікті ісі. Бұл оның жалғыз жақсы әрекеті емес, ол қарт адамдарға да көп көмектеседі, – деп Ваняның анасы баласы үшін мақтанышын жасырмады.
Жеке құрам қызметкерлері Иванға өмірде сәттілік тілеп, болашақта полицияда қызмет етуге шақырды.