Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер велосипед ұрлығының алдын алу бойынша рейд өткізді

Павлодарда полицейлер велосипед ұрлығының алдын алу бойынша рейд өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері велосипед ұрлығының алдын алуға бағытталған профилактикалық рейд ұйымдастырды. Іс-шара барысында полицейлер тұрғын үйлердің аулаларын, тұрғындар көп жиналатын демалыс орындарын және велосипед тұрақтарын аралап, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Тәртіп сақшылары велосипед иелеріне қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаудың маңызын түсіндіріп, мүліктерін қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдырмауға шақырды. Сондай-ақ сенімді ұрлыққа қарсы құлыптарды пайдалану, велосипедтерді арнайы жабдықталған орындарда сақтау және олардың сериялық нөмірлерін тіркеп қоюдың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Рейд барысында тұрғындарға велосипедтерді ұрлықтан қорғаудың тиімді тәсілдері жөнінде тәжірибелік кеңестер беріліп, профилактикалық жадынамалар таратылды. Полицейлер азаматтарды қырағылық танытуға, күмәнді адамдар туралы дереу хабарлауға және құқық бұзушылық орын алған жағдайда полицияға жедел жүгінуге үндеді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, мүліктік қылмыстардың алдын алуға, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру