Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодардағы тергеу изоляторында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты семинар өтті

Павлодардағы тергеу изоляторында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты семинар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ ҚАЖК “№63 мекеме” РММ (қауіпсіздігі аралас) “Психикалық денсаулықтың республикалық ғылыми-практикалық орталығының мамандарымен ұсталатын әйелдермен тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбында семинар-тренинг өтті. Тренингте топтың психологы Әсемгүл Сәдуақасова отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы айтты. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың негізгі себептері – өмірлік бағдарды, отбасылық құндылықтарты жоғалту, алкоголизм және нашақорлық екеніне тоқталды. Егер де талпыныс болса, тәуелділікті емдеуге болады, бұл мүлдем тегін ұсынылып отырған ұсыныс . Ол үшін өңірлерде оңалту орталықтары бар. Онда көмекке мұқтаж, өз өмірін өзгерткісі келетін, туыстары мен айналасындағылардың қамқорлық жасағысы келетін кез келген адам жүгіне алады.

Көбінесе зорлық-зомбылық құрбандары өз проблемаларымен және қорқыныштарымен жалғыз қалады, жариялылықтан, айналасындағылардың сөзінен қорқады.. Психологтардың мақсаты – көмектесу, оларды осы кемшіліктерден арылуларына көмектесу. Көпшілік үшін ұрса да, жақсы көреді деген нормаға айналған, ал кейбіреулері бұған төзе алмайды. Соңы жақсылыққа апармайтыны белгілі. Сондай-ақ сотталғандардың бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққанан кейін әлеуметтендіру мәселелері қарастырылды.

– Іс жүзінде әрбір өңірде дағдарыс орталықтары, бейімделу орталықтары құрылған. Мұнда өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға жан-жақты көмек көрсетіледі: бұл білікті психологиялық және құқықтық көмек, құжат ресімдеуге көмектесу. Мұндай
кездесулерде біз біздің орталықтар туралы көбірек ақпарат беруге тырысамыз. Тренингтің басты мақсаты – арнайы контингент арасында қолайлы эмоционалды-психологиялық климат, қалыптастыру, рефлексивті ерекшеліктерін дамыту, күйзелісті жеңілдету, эмпатияны дамыту, – деп түсіндірді Асемгуль Садвокасова.

Кездесуде әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себептері, олардың шешу жолдары білді, әңгімелері, тәжірибелермен және проблемаларымен бөлісті.

– Кейде зорлық-зомбылық құрбандары оларды агрессордан қорғауды күте алмайды өздері дұрыс емес шешім қабылдап, сотталушылар орындығында отырған жағдайлар көп. Бұл үмітсіздікке ұшыраған адамдар. Оларға психологтың көмегі қажет. Мұндай кездесулер оқшаудағы адамдар үшін өте қажет. Олардың өмірі өзгереді қызығушылықтары мен көзқарастары пайда болады, түзелу үшін ынталандыру, босап шыққанан кейінгі жаңа өмірге жоспар құруға себеп болады, – деп нақтылады мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Әсет Сатыбалдин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру