Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин өңірдегі учаскелік инспекторлардың жұмысымен танысты

Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин жұмыс сапарымен Рудный қаласына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл ерекше назар аударатын аумақ. Себебі қылмыс жағдайы бойынша, әдетте, облыс орталығынан кейін екінші орында.

Мұнда жағдай дамыған бейнебақылау жүйесінің арқасында тұрақты. 40 бейнебақылау камерасымен жабдықталған жедел бақылау орталығы тиімді жұмыс істейді. 

Олардың көмегімен жыл басынан бері 44 қылмыс ашылды. Олар ұрлау, тонау, бұзақылық деректері.

Сондай-ақ 3080 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Тәулігіне “102” пультіне 130-дан астам хабарлама келіп түседі.

Бейнебақылау жүйесі, ең алдымен, “Қауіпсіз аула” жобасы аясында кеңейтілетін болады. Сондай-ақ барлық мектептер бейнебақылаумен қамтылған.

Бөлімшенің материалдық-техникалық жағдайына көп көңіл бөлінеді.

Ерлан Файзуллин бұл күні Рудный және Қостанай қалаларының учаскелік полиция пункттеріне барды.

– Қазіргі уақытта полицияның “Қадамдық қолжетімділік” қағидаты бойынша жұмысы азаматтардың сенімін арттырады. 

Учаскелік полицияның жұмысы – бұл әртүрлі құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, сондай-ақ, ең алдымен, қылмыстың алдын алу. Полиция өз құқықтарын белсенді қорғай отырып, өз учаскесінің тұрғындары үшін беделді болуы керек. Жедел жағдай олардың жұмысына да байланысты, – деп атап өтті Ерлан Файзуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру