Павлодарлық полицейлер 10 келіден астам түрлі есірткі тәркіледі
Павлодарлық полицейлер 10 келіден астам түрлі есірткі және 20 тонна түрлі прекурсорлар тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының аумағында «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
– Полиция қызметкерлері есірткінің заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесті, дәріханаларды, дәріхана қоймаларын, емдеу-профилактикалық мекемелерді және есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыратын өнеркәсіптік объектілерді тексерді, – деп хабарлайды Павлодар облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Сәния Ахметжанова.
Нәтижесінде есірткі құралдарының айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды пайдаланудың техникалық нығайтылуы мен қағидаларының бұзылуы, есірткі құралдарын өткізудің 2 фактісі және есірткі құралдарының контрабандасы анықталды. Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297 және 286-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
– Айналымнан 10 кг астам түрлі есірткі құралдары және 20 тоннадан астам түрлі прекурсорлар алынды. Барлық фактілер бойынша материалдар анықталған бұзушылықтарды қарау үшін Павлодар облысы бойынша Фармация комитетінің департаментіне жолданды, – деп атап өтті тәртіп сақшысы.
Сонымен қатар, дәрігерлердің рецептісіз дәрі-дәрмектерді сатудың 5 фактісі анықталды, оларға қатысты ҚР ӘҚБК 426-бабы бойынша әкімшілік материалдар құрастырылды.
ВИДЕО МҰНДА
Мысалы, 5 қыркүйекте дәріхана фармацевті дәрігердің тиісті рецептісіз бір ампуладан цефазалин және ледокаин дәрілік препараттарын өткізді. Басқа жағдайда, аудандық ауруханалардың бірінде морфин және реланиум есірткі құралдарының айналымы тиісті рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асырылды. Тексеру барысында анықталғандай, есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен жұмыс істеуге рұқсат етілген медицина қызметкерлерінің тізімдері болған жоқ.