Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер қарулы қақтығыстың алдын алды

Жамбылдық полицейлер 8 адамның қатысуымен ұйымдастырылған қарулы қақтығыстың алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қыркүйекте Жамбыл ауданында 30-43 жас аралығындағы бір топ адам жергілікті жанармай құю бекеті аумағында өзара келіспеушіліктерін анықтамақшы болған. Ақпарат бойынша оқиға орнына жедел түрде Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері келді.

Жанар-жағармай бекеттерінің аумағы қоршалып, қақтығыс тараптары ұсталынып, тінту жұмыстары жүргізілді. Қабылданған шаралар нәтижесінде ұсталғандардан аңшылық қаруы тәркіленді. Тергеу барысында қақтығысқа қатысушылардың 8 адам екендігі анықталды.

ВИДЕО МҰНДА

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігімен (Қаруды заңсыз сақтау және алып жүру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар реті тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру