Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер 11 жатақханаға рейд жүргізді

Павлодарлық полицейлер 11 жатақханаға рейд жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен демалыс күндері полиция қызметкерлері Павлодар қаласының жатақханалары бойынша рейд өткізді.

– Тексеру кезінде 11 жатақхана қамтылды. Нәтижесінде полиция 52 құқық бұзушылықтың жолын кесті. Барлық құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мысалы6 Қамзин көшесі 6 мекенжайы бойынша үш тұрғын алкоголь ішкен. Тұрғындардың ескертулерін ескермеген. Үшеуі де уақытша бейімделу және детоксикация орталығына жеткізілді. Әрқайсысына қоғамдық орында алкоголь ішкені үшін әкімшілік материал толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Павлодар қаласының ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

Көптеген тұрғын тіркеусіз тұрады. Барлық есепке алынған адаммен полицейлер олардың құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуі туралы профилактикалық сипаттағы әңгімелер өткізді. Полицейлер осындай рейдтік іс-шараларды тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру