Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының тұрғыны елікті атып өлтірген

Ақмола облысының тұрғыны елікті атып өлтірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 6 қаңтарында Шортанды ауданының полиция бөліміне орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының аңшылық алқаптардың резервтік қорында браконьерлік фактісі анықталғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Алдын ала тергеу барысында жергілікті тұрғын аң аулау кезінде елікті атып өлтіргені анықталды.
Ер адам заңсыз аң аулағанын мойындап, полицейлерге орманда жараланған жануарды көріп, оны атып тастауға шешім қабылдағанын және ұшасын үйге апаратынын айтты. Аңшы көлігінің салонында үш аңшылық мылтық пен оқ-дәрі табылды.

Осы фактіге қатысты полиция бөлімі Қазақстан Республикасы ҚК 337-бабының 3-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сот-биологиялық және сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру