Павлодарлық полицейлер із-түссіз кеткен 32 адамды іздеп тапты
Павлодарлық полицейлер із-түссіз кеткен 32 адамды іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері полицияға павлодарлықтардың із-түссіз жоғалғаны туралы 45 арыз келіп түсті, оның 32-сі анықталды, 13-і іздеуде.
– Мысалы, Екібастұз қаласының полициясына 42 жастағы қала тұрғынының ағасы өтініш білдірді. Оның айтуынша, ағасының жоғалуын мәлімдемей бұрын, оның қайтуын бір айдан артық күтті. Хабар-ошарсыз жоғалған адам алкогольдік сусындардан бас тартуға дағдыланбаған, сондықтан ол бірнеше рет із-түссіз кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер оның ізіне түсіп, Екібастұз қаласында өзі сияқты өмір салтын жүргізетін таныстардың тұрған жерін анықтады, – деп атап өтті ведомство.
Полиция қызметкерлері атап өткендей, полициядан басқа, із-түссіз жоғалғандарды іздеуге еріктілер қозғалысының өкілдері қосылады, олар үлкен көмек көрсетеді.
– VITA іздеу жасағының жұмысын ерекше атап өткім келеді, балалар күндіз де, түнде де байланыста. Олар біздің жедел қызметкерлермен кез келген өңірге барады. Олардың көмегімен ағымдағы жылы хабар-ошарсыз кеткен 50-ден астам облыс тұрғыны іздестірілді, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.
Кетіп, қайтып оралмады – осылайша хабар-ошарсыз кеткендер туралы әрбір оқиға басталады. Көбінесе хабар-ошарсыз кеткендер жақындарына алаңдаушылық туғызады деп ойламайды. Түнде достарымен бірге болған жасөспірімдер бұл туралы ата-аналарына хабарламайды, телефондарын өшіреді. Ересектер мас компанияда күмәнді ләззаттарды туыстарының алаңдаушылығынан жоғары қояды. Адам жоғалып кеткен жағдайда дереу таныстарына, достарына және туыстарына қоңырау шалу керек. Қандай да бір ақпарат болмаған жағдайда, жоғалған адамның соңғы белгілі болған жері бойынша полиция бөліміне немесе жақын маңдағы полиция бөліміне дереу хабарласу керек.