Павлодарлық полицейлердің көлікті қуған сәті видеоға түсіп қалды
Павлодарлық полицейлердің көлікті қуған сәті видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қыркүйекте сағат 02.40 шамасында Павлодар қаласындағы Камзин көшесінде патрульдік полиция батальонының автопатруль экипажымен 164 үйдің ауласынан шыққан ВАЗ-2109 автокөлігі байқалды. Көлік Камзин көшесімен келе жатқандарға жол бермей, апаттық жағдай туғызды. Автопатруль дереу көрсетілген көлікке қарай бет алып, оның соңынан жүре отырып, дауыс зорайтқышпен жүргізушіден көлік құралын тоқтатуды талап етті. Алайда жүргізуші полиция қызметкерлерінің талаптарын елемей, Камзин көшесімен Павлов көшесіне қарай бет алды.
Автопатруль көлікті тоқтату туралы талаптарды бірнеше рет қайталап, оның соңынан ерді. Жүргізуші болса қозғалыс жылдамдығын арттыра түсіп, қиылыстан өткен кезде бағдаршамның тыйым салынған қызыл сигналын елеместен ағып өтті. Бұл факті туралы кезекші бөлімге хабарланды. Автокөлікті ұстауға қосымша автопатрульдер жіберілді.
ВИДЕО МҰНДА
ВАЗ-2109 автокөлігін қудалау Павлодар қаласының көшелерінде жалғасты, жүргізушіні тоқтату туралы полицияның талаптары ескерілмеді.
– ВАЗ-2109 автокөлігі Аймауытов-Львов көшелерінің қиылысындағы патрульдік полиция батальонының автопатрульдерімен жабылып, тоқтатылды. Жүргізушіні ұстаған кезде алкогольдің иісі шықты. Медициналық куәландыру жүргізушінің мас күйінде болғанын көрсетті, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Полиция жүргізушіге қатысты бірнеше бап бойынша әкімшілік материалдар қозғалғанын атап өтті.
– ҚР ӘҚБтК 608-бабының 3-бөлігі (Көлік құралын алкогольдік масаң күйде жүргізу) бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соттың қаулысымен жүргізушіге 20 тәулік әкімшілік қамауға алу және көлік құралын жүргізу құқығынан 7 жыл мерзімге айыру тағайындалды.
– ҚР ӘҚБтК 613-бабының 1-бөлігі (Полиция қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы талаптарын орындамау) бойынша әкімшілік материал сотқа жіберілді. Заңнамамен 40 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 3 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу көзделген.
– ҚР ӘҚБтК 599-бабының 1-бөлігі бойынша (Бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту) қысқартылған өндіріс тәртібінде 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
– ҚР ӘҚБтК 601-бабы (Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен ұйғарылған талаптарды сақтамау) бойынша 3 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
– ҚР ӘҚБтК 595-бабы (Маневр жасау қағидаларын бұзу) бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына апарылды.