Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық тұрғынның қырағылығының арқасында 3 жасар қыз үйіне аман-есен оралды

Павлодар тұрғыны аулада ересектерсіз жүрген 3 жасар бүлдіршіннің мекенжайын анықтап, ата-анасына табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күндізгі серуенге шыққан қала тұрғыны өз ауласындағы балалар алаңында жарты сағаттан астам уақыт бойы жалғыз ойнап жүрген кішкентай қызды байқаған. Әйел адам бүлдіршіннен мекенжайы мен ата-анасы туралы мәліметтер сұраған, алайда қыз жөнді ештеңе айта алмағандықтан, қала тұрғыны бұл факт туралы полицияға хабарлап,  көршілерінен қыздың ата-анасы туралы сұрастыра бастаған.

Көршілердің бірі баланы танып, қала тұрғыны қызды үйіне аман-есен алып келгенде пәтердің есігі ашық болған, ал үй иелері баланың үйде жоқ екенін тіпті байқамаған.

– Балалардың анасы жұмыстан тәуліктік кезекшіліктен кейін таңертең келген. Балалардың әкесі үйден жұмыстарымен шығып кеткен. Әйел отбасы мүшелерін тамақтандырып, балаларына есікті ешкімге ашпауға бұйырып, демалуға жатқан. Мектеп оқушысы болып табылатын үйдің үлкені онлайн сабақтарын орындауға отырғанда үйдің кішісі ешкімге ештеңе айтпай, далаға шығып, аулада ойнау туралы шешім қабылдаған. Бүлдіршін қыз өзі киініп, аулаға шығып, ойнап жүргенде оны қырағы қала тұрғыны байқаған. Біз әйелге біреудің баласына немқұрайлы қарамағаны және азаматтық ұстанымы үшін ризамыз, – деді Павлодар қаласының Орталық полиция бөлімінің бастығы Ермек Әлжанов.

Қыздың анасы қала тұрғынына қырағылығы мен көрсеткен көмегі үшін шын жүректен алғысын білдірді, өйткені аталған азаматшаның қамқорлығы мен мейірімді жүрегі болмаса, оның қызына не болуы мүмкін екенін елестету тіпті қорқынышты.

Өз кезегінде, Павлодар облысының Полиция департаменті тұрғындарға балалардың өмірі мен қауіпсіздігі ерекше бақылауды қажет ететінін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру