Пенитенциарлық психологтар сотталушыларға ажырасу кезінде қалай көмектеседі
Пенитенциарлық психологтар сотталушыларға ажырасу кезінде қалай көмектесетінін айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Темір торға қамалған адам туыстарымен және жақындарымен байланысын жоғалтады, тіпті ажырасып кетеді және ажырасуға өтініш беріп жатады. Темір торға қамалған сотталушы үйіне, әйеліне, туыстарына және достарына хат жазады.
– Жазасын өтеушілердің ішінде, тіпті өздерінің отбасылық қарым-қатынастарын хат алмасу арқылы бөлісіп, отбасы мәселелерін шешіп отыратындары да аз емес. Негізінен жазасын өтеушілердің әйелдері неке бұзуды сұрап түзеу мекемесіне хат жіберіп жатады, – дейді мекеме психологы.
Кейбір жазасын өтеушілер бұл жаңалықты әдеттегідей қалыпты жағдайда қабылдайды, ал кейбірі депрессияға түседі. Бұл қиын отбасылық жағдай кезінде оларға пенитенциарлық психологтар көмектеседі.
Мұндай жағдайларда психологпен жұмыс істеу ажырасу процессін қабылдауды, жеңілдетіп қана қоймай, болашақта қарым-қатынас туралы қорқыныш, күмән және иррационалды көзқарастардың алдын алуға көмектеседі.
– Ажырасу бұл сөзсіз күрделі күйзелістермен байланысты: әрқашан жанның ауырсыну сезімі, көңілсіздік, үміт үзу, тұрақтылық пен қауіпсіздік сезімін жоғалту, бұл ажырасуды бастап отырған адам үшін де, ажырасуды естіп, қабылдап отырған адам үшін де өте ауыр.
Ауыр эмоциялардан толықтай арылудың жолы жоқ. Қалай болғанда да өзара реніштердің жаралары жазылуы үшін ұзақ уақыт қажет, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарындағы ажырасу шығынмен тең. Адамның өміріндегі маңызды нәрсені жоғалту ғана емес, сонымен қатар үйреншікті, қымбат және тіпті алмастырылмайтын нәрсені жоғалтқандай сезім пайда болады. Ертеңгі күткен болашақты сізден алып тастағандай болып көрінеді.
Көп жағдайда сотталған адам осы проблемамен оңашада қалады, «енді қалай өмір сүремін?»деген сұрақпен ажырасу фактісі алдында тұрған жазасын өтеушіге ауыр тиеді. Агрессия және кінә сезімі пайда болады. Осыдан кейін депрессия, құмарлық, жалғыздық, түңілу кезеңі басталады, – дейді ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/6 мекемесінің инспектор-психологы Айнұр Нұрғалиева.
Бірақ іс жүзінде бәрі соншалықты қорқынышты емес, басынан бастап жағдайдың барлық кезеңдерінен өтіп, бір-бірін түсінетін және кешіретін ерлі-зайыптылар да бар.
Мысалы, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген сотталған Николаймен (аты өзгертілген) жұбайы біраз уақыт өткен соң ажырасуға өтініш білдірген. Ажырасудың себебін, ол күйеуін түрмеден ұзақ уақыт күте алмайтындығымен түсіндірген, сондай-ақ жасалған қылмыстың да себебі барымен түсіндірген. Алайда, ерлі-зайыптылар ажырасқан жоқ. Николай түзеу мекемесінде мінезі жағынан оң сипатталып, көп ұзамай шартты түрде босатылуға өтініш берген.
Николай әйелімен бірге кәмелеттік жасқа толмаған екі баланы тәрбиелеп өсіруде.
– Ажырасу орын алып жатқан жағдайлар да бар, көбінесе ажырасуға әйелдері өтініш білдіреді, – дейді инспектор-психолог А.Нұрғалиева.
Арасында ажырасуды ақтап алатын белгілі бір себептер де болады, оларға маскүнемдік пен есірткіге тәуелділікті жатқызуға болады.
Мысалы, 12 жылға бас бостандығынан айырылған сотталған Андрей Пироговтың (аты өзгертілген) жақында әйелі ажырасуға өтініш берген, оның ажырасуының себебі Андрейдің алкоголизмнен зардап шеккендігі мен сол алкоголизм кесірінен адамды абайсызда өлтіргені үшін деп түсіндірген.
10 жылға бас бостандығынан айырылған сотталушы Ринат Құсайыновтың (аты өзгертілген) ажырасуының себебі оның есірткіге деген құштарлығы болды, сол себепті де Ринат осы бап бойынша сотталып, темір торда.
– Мен бәрін жоғалттым, денсаулығым мен отбасымды, енді ештеңені де қайтара алмаймын, – дейді сотталған.
– Мен бір сотталғанның әйелі өте ақылды әрекет жасаған жағдайды да білемін. Жұбайының босатылуын күтіп (екі жылды ескере отырып), содан кейін ғана ажырасқан әйел адам да болды. Сотталған әрине ашуланған, әйелі оған мұндай жағдайда оны тастағысы келмегенін айтып түсіндіргесін, жазасын өтеп жатқан сотталған оны өз еркімен босатып, келісімін беріп, ажырасты, – деп еске алады колония психологы.