Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл көшелерінде “Дабыл батырмалары” іске қосылды

Петропавл көшелерінде полициямен байланыс жасау үшін “Дабыл батырмалары” іске қосылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жыл қарсаңында петропавлдық полиция жұмысында екі жаңашылдық енгізілді. Жаңа, қарқынды дамып келе жатқан “Жас Өркен” ықшам ауданында №4 учаскелік полиция пунктінің жаңа ғимараты ашылды. Ықшам ауданның аумағы 12 шаршы км. астам, онда 24 078 адам тұрады, қарқынды құрылыс арқасында онда тұратын халық саны үнемі артуда. Аумаққа жеті учаскелік инспектор қызмет көрсетеді. УПП жаңа кеңсесі бірінші қабатта орналасқан, екінші қабат тұруға арналған үй-жайлар. Бүгінгі күнге дейін қызметтік тұрғын үймен біріктірілген пункттерді полиция бөліністері тек СҚО аудан орталықтарында ашқан болатын.

Ашылу салтанатында СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев жұмыстың сервистік моделіне көшу аясында халықпен іс-қимыл жасаудың негізгі принциптері қолжетімділік, жедел және мобильді әрекет ету болып табылатындығын атап өтті. Бұлардың іске асырылуына жаңа біріктірілген кеңселердің жұмысы септігін тигізетін болады.

Осы мақсатта екі дабыл батырмасы қолданысқа енгізілді. “Алтын арман” және “Евразийский” базарларына жақын жердегі Евней Бөкетов скверінде, сондай-ақ Ухабов пен Досмұхамбетов көшелерінің қиылысында алыстан анық көзге түсетін аппараттық-бағдарламалық кешен бой көтерді. Олар полициямен қас-қағым сәтте аудио- және бейне байланыс жасауға мүмкіндік береді. Батырма жерден бір метр биіктікте орналасқан, оны балалар да пайдалана алады.

“Дабыл батырмасы” қала әкімінің және СҚО ПД Консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің қатысуымен ашылды. Марат Төлебаев байланыстың сенімділігіне көз жеткізе отырып, оларды жеке сынап көрді.

Техникалық жаңашылдық қауіпсіздік және түрлі жағдайларда телефонды алып, “102” нөміріне теруге уақыт тапшы болған кезде адамдарға хабарласуға қолайлы болуы үшін жасалғанына тоқтала кетті.

— Бейнежазба қызметкерлерге жағдайды, қауіп деңгейін шұғыл бағалауға және жасақтардың әрекеттерін үйлестіруге мүмкіндік береді. Айта кететін болсақ, 2021 жыл ІІМ жүйесі үшін құқық бұзушылықтың алдын алу және “халыққа жақын полиция” қағидатын қамтамасыз ету жылы деп жарияланды. Бұл қағидатты іске асыруға барлық енгізілген жаңалықтар бағытталды, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру