Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы Полиция департаменті мереке қарсаңында балалар үйіне барды

Мереке қарсаңында балаларға қуаныш сыйлап, мерекемен құттықтау үшін Маңғыстау облысы Полиция департаменті қызметкерлері Облыстық мамандандырылған балалар үйіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кішкентай бүлдіршіндерге сыйлықтар табыстап, жылы лебіздерін білдірді.

Балалар өнерлерін көрсетіп, ән салып, би билеп, кішігірім концерт қойды.

Аталмыш мемлекеттік мекеме басшылары, педагогтар және балалар полицейлерге құттықтаулары және жаңа жылдық сыйлықтары үшін зор алғыстарын білдірді.

– Департамент атынан біз сіздерге бар жақсылықты тілейміз. Жаңа жыл сіздерге жақсылығын алып келсін. Барлық армандарыңыз орындалсын. Дендеріңіз сау болып, ауырмаңыздар! Біз қашанда қолдау көрсетіп, көмек қолын созуға дайынбыз, – деді Полиция департаменті бастығы Қалдымұрат Айғарақов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру