Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда балалар колониясына Аяз ата мен Ақшақар келді

Алматыда балалар колониясына Аяз ата мен Ақшақар келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/6 түзеу мекемесінде жазаларын өтеп жүрген жасөспірімдерге жаңа жыл қарсаңында Қамқоршылық кеңестің, “Реванш” қоғамдық қорының өкілдері мен “Әлеуметтік жобалардың халықаралық ассоциациясының” өкілі Масаты Қасымжанова келіп, балаларға естен кетпес қуаныш сыйлап, сыйлықтар тарту етті.

Жасөспірімдерді ерекше шаттыққа бөлеген Аяз ата мен Ақшақардың “Мерекелік микс” концерттік шоу бағдарламасы болды.

Аяз ата мен Ақшақардың ортасында түрлі ойындар ойнап, өз өнерлерін ортаға салған жасөспірімдерге Қамқоршылық кеңесі мен “Реванш” қоғамдық қоры жаңажылдық сыйлықтар тапсырды. Балаларды қуанышқа бөлеуден “Әлеуметтік жобалардың халықаралық ассоциациясының” өкілі Масаты Қасымжанова да сырт қалған жоқ. Әр мереке сайын келіп, сый-сияпат жасайтын дәстүрін бұл жолы да жалғастырған Масаты Қасымжанова тәтті бәлішке толы мерекелік дастархан жайып, сыйлыққа әдеби кітаптар тарту етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру