Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда 500-ден астам сотталған рақымшылыққа түседі

Маңғыстауда 500-ден астам сотталған рақымшылыққа түседі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/8 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеп жатқан төрт сотталғанға қатысты рақымшылық бойынша сотқа жолданған жадығаты қаралып, Ақтау қалалық сотының қаулысымен қанағаттандырылды.

Департамент басшысы Алтынбек Қалиевтің айтуынша, бұл азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қыл-мыстар жасағаны үшін сотталғандарды, азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын босатуға бағытталған.

А.Қалиев атап өткендей, қазіргі таңда рақымшылық жасау туралы Заңның қолданысына 555 сотталған кіреді: мекемелер бойынша – 11 және пробация қызметі бойынша – 544. Барлық істер сотқа жолданып, 55 өтініш қаралды, оның ішінде қырық төрт адам жазадан босатылды, ал 11 адамның жаза мерзімі қысқартылды.

– Сотталғандардың жеке істері мұқият қаралып, зерделенді. Рақымшылық заңына сәйкес соттың қаулысымен мекемеден кәмелетке толмаған балалары бар төрт сотталған әйел мерзімінен бұрын босатылып шықты, – деді А.Қалиев.

Айта кету керек, 30 жыл ішінде Қазақстанда сегіз рақымшылық жасалды, оның төртеуі Тәуелсіздік күніне орайластырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру