Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері райдерлер мен велосипедшілер арасындағы профилактикалық жұмыстарды жандандырды

Петропавл полицейлері райдерлер мен велосипедшілер арасындағы профилактикалық жұмыстарды жандандырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде ауа райы жылы болып тұрғандықтан самокаттар мен велосипедтерге сұраныс артып, қаланың орталық көшелерінде осындай көлік түрін қолданатындар саны көбейді. Қала тұрғындарының айтуларынша, көптеген шабандоз жол ережелерін сақтамай, бала-шаға мен қарттарға мән бермейді екен.

Жуырда трюктерге арналған велосипедтер, гироскутерлер және электрлі самокаттар қала көшелері мен тротуарларда жаппай пайда болды. Бір күн бұрын жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері қалалық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан Конституциясы мен Әуезов көшелерінің қиылысында профилактикалық іс-шара өткізді. Тәртіп сақшылары электрлі самокаттар мен велосипед мінген адамдармен әңгімелесіп, оларға жол жүру ережелерін еске салды, сонымен қатар арнайы жадынамалар таратты. Негізгі факторлар – жылдамдықты сақтау және қос дөңгелекті көліктен түсіп “зебрадан” жаяу өту. Ересектер полицейлердің ережелерді сақтау туралы өтінішіне түсіністікпен қарайды. Дегенмен, ережелерді барлығы сақтауы тиіс. Профилактикалық іс-шара барысында жастар мен жасөспірімдерге баса назар аударылды.

– Полиция қызметкерлерімен бірлесіп, велосипедшілер мен самокат мінгендер арасында Жол жүрісі қағидаларын түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру акциясын өткіздік. Кездескен велосипедшілерге Жол жүрісі қағидаларын түсіндірдік, бүктемелер тараттық, жолда жүру ережелерін қаншалық меңгергенін сұрадық. Білмесе, жолдар мен аулаларда қалай жүру керек түсіндірдік, – дйді рейдтің өткізілуіне бастамашы болған блогер Виктория Синяковская.

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ақпаратынша, жыл басынан велосипедшіні қағып кетумен байланысты бір жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан бір адам зардап шеккен. Бұл ресми мәліметтер, соқтығысу салдарынан полиция мен медициналық мекемелерге жүгінбегендер саны бұның құрамына кірмейді.

Маусым айының соңында Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР заңына қол қойды. Заң 2023 жылғы 30 тамыздан бастап күшіне енеді. Бұл заңмен “Жол жүрісі туралы” заңға шағын электрлі көліктер мен электрлі самокаттардың жұмысын реттеу бөлігінде заңнамалық түзетулер енгізілмек. Түзетулерге сәйкес, тротуармен жүрген уақытта жылдамдық 6 км/сағатқа дейін төмендетілуі тиіс, ал жолдармен жүрген уақытта самокат басқаратындар шлем киіп, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы тиіс. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері электрлі самокаттардың жүргізушілері арасында осы көлік түрін басқару кезінде жол тәртібін сақтау және айнадалағыларға қауіп төндірмеу туралы профилактикалық сипаттағы әңгіме жүргізіп жатыр.

– Егер сіз қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың куәгері болсаңыз, бірден “102” жедел арнасына жүгіну қажет, – дейді полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру