Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері теледидар ұрлығын ашты

Петропавл полицейлері танысының үйінен теледидар ұрлаған жігітті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөліміне 19 жастағы қала тұрғыны пәтерден 137 мың теңге тұратын “Acer” теледидарының ұрланғаны туралы жүгінді. Заттың қолды болғанын жәбірленуші ауылдағы туыстарынан келген күні, 8 қарашада анықтайды. Жігіт үйінің кілтін танысына қалдырып, пәтерін қарап жүруді тапсырады. Жедел уәкілдер оның қылмысқа қатысын анықтады.

Жоғалған теледидар қаладағы ломбардтардың бірінен табылды. Полицейлер ұрланған теледидарды, сондай-ақ бұрын мүліктік қылмыс үшін сотталған 1998 жылы туған күдікті қала тұрғыны атына ресімделген кепілдік билетін тәркіледі. Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-б. (Ұрлық) бойынша енгізілді. Күдіктіге қатысты міндетті келу түріндегі мәжбүрлеу шарасы тағайындалды.

– Пәтер ұрлығын болдырмау үшін біз қала тұрғындарына үйдің қорғалуын күшейтуге кеңес береміз, яғни мықты құлыптар қойып, мүмкін болса үй кіреберісіне домофондар мен бейне бақылауды орнату қажет, пәтер мен үйлерді дабыл жүйесімен жабдықтаған жөн, – деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов. – Кейбір қылмыстар адамдардың аңқаулығынан орын алып жатады. Енді бір жағдайларда жәбірленушілер заттың ұрланғанын бас қосудан кейін анықтайды. Қала тұрғындары мүліктің сақтығы бірінші кезекте өздерінің қырағылығына байланысты екенін ұмытпаған жөн.

Жыл басынан СҚО-да 132 пәтер ұрлығы тіркелді. Қазіргі уақытта 95-і бойынша процессуалдық шешім қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру