Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері велосипед ұрлығы мен алаяқтықтың алдын алу тақырыбында плакаттар таратуда

Петропавл полицейлері велосипед ұрлығы мен алаяқтықтың алдын алу тақырыбында плакаттар таратуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл полицейлері интернет-алаяқтықтың және маусымдық қылмыстардың алу жұмыстарын жалғастыруда. Тәртіп сақшылары кезекті тексеріс барысында велосипед ұрлықтарының алдын алу, OLX және Instagram сайтындағы алаяқтардың құрығына түсіп қалмаудың жолдарын айтып ескертті.

Биылғы жыл Ішкі істер министрлігімен құқық бұзушылықтардың профилактикасы жылы және “жұртқа жақын полиция” қағидатын қамтмасыз ету жылы болып жарияланды. Петропавл қаласының Полиция бөлімі басшылығы полицейлер мен еріктілердің қатысуымен кезекті рейд өткізуге бастамашылық етті.

Петропавл қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, рейд міндеттерінің бірі – жедел байланысу қажет болған жағдайда, әр тұрғынның өз учаскелік полиция инспекторын жақсы тануы. Іс-шараға қалалық полицияның жеке құрамы түгел және еріктілер қатысты.

Тек жаңа “Жас өркен” шағын ауданында орналасқан №4 учаскелік полиция пункті аумағында 20-дан астам қызметкер жұмылдырылды. Еріктілермен бірге 100 шақты көппәтерлі үйлерді, 386 подъезді, 362 ұйым мен дүкендерді аралады. Басты мақсат – интернет-алаяқтықтың және велосипед ұрлықтарының профилактикасы. Барлық жерлерде учаскелік полиция инспекторларының байланыс телефондары және қылмыстардың алдын алу жолдары көрсетілген ақпараттық парақшалар таратылды. Екі сағаттың ішінде 750 плакат жапсырылды; тұрғындармен, кәсіпорындардың басшыларымен, ұйымдардың жұмысшыларымен әңгіме жүргізілді.

Жыл басынан облыс аумағында 300-ден астам интернет-алаяқтық тіркелді. Талдау көрсеткендей, алаяқтар ірі көлемде қаржыға ие болу үшін зейнеткерлерге, жалғыз тұратын адамдарға хабарласуға тырысады екен. Полицейлер бөгде адамдармен жеке ақпараттарымен бөліспеуге, интернетте қаржы операцияларын жасауда асықпауға кеңес береді. Сондай-ақ СҚО-да соңғы алты айда 56 велосипед ұрлығы тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру