Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері жоғалып кеткен екінші сынып оқушысын тапты

Петропавл полицейлері жоғалып кеткен екінші сынып оқушысын тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қазан күні түстен кейін Петропавлдағы әлеуметтік желілерде екінші сынып оқушысының қаланың ішінде жоғалып кеткені туралы ақпарат пайда болды. Ата-анасы оның сағат 13:00 шамасында белгісіз бағытта кеткенін хабарлады. Ол туралы бағдарлар петропавлдық полицияның барлық жеке құрамына және облыстық олиция департаментінің сыртқы қызметтеріне жіберілді. Келесі 40 минутта полицейлер қала көшелерінде баланы іздеуге кірісіп кетті.


Нәтижесінде баланы полиция қызметкерлері Иван Ерёменко мен Жан Оразалин мінген патрульдік полиция батальонының экипажы тауып алды. Саяжай қоғамдастықтарының бірін қарап шыққан соң қала көшелеріне ойысты. Тәртіп сақшылары жоғалған баланың көршісімен әңгімелесіп тұрған кезде оны үйінен алыс емес жерде байқап қалды. Әбден абыржыған ата-анасына дереу ұлдарының табылғаны жайлы айтылды. Ал, еріктілер тез арада әлуметтік желілерде баланың отбасымен қауышқанын хабарлады.

– Бала адасып кеткен, өйткені отбасы жақында жаңа мекенжайға көшті. Ювеналдық полицейлер ата-анасымен профилактикалық әңгіме өткізді. Петропавлдықтардан кішкентай балаларды назардан тыс қалдырмауын сұраймыз. Егер олар жоғалып кетсе, дереу “102” арнасына хабарласыңыздар, – дейді Петропавл қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру