Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл тұрғыны алаяқтарға миллион теңге аударып жіберген

Петропавл тұрғыны алаяқтарға миллион теңге аударып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері 16 қала тұрғыны интернеттегі алаяқтардың арбауына түсіп қалды. Петропавлдықтардың арыздарынан бұрынғы алдау-арбау схемасын көруге болады. Облыс орталығының тұрғынына, оның депозиттік шотын біреу бұзуға тырысқалы жатқанын, сондықтан қосымша шот ашып, соған ақша аудару қажет деп хабарланған. Сасқан әйел өзін банк қызметкерімін деп таныстырған қоңырау шалушыға оңай сеніп, ол көрсеткен барлық әрекеттерді жасаған. “Қамқоршы” қызметкер өзі қосымша шот ашқанын, ақшаны сол шотқа аударуды сұраған. 250 мың теңгеге бөліп-бөліп аудару керектігінің өзінен де қала тұрғыны еш күдіктенбеген. Нәтижесінде алаяқтар миллион теңгені қолды қылған.

Бұл ең кең тараған алдау схемаларының бірі дейді жедел қызметкерлер. Түсіндіру жұмыстарына қарамастан, қала тұрғындары арнайы терминдерді қолдана отыра, сенімді түрде сөйлеп, байланысқа шыққан алаяқтардың арбауларына түсіп қалады.

– Өзіңді интернет-алаяқтардан қорғаудың ең сенімді тәсілі – шоттар бойынша барлық ауыстыруларды тек банктерде жүргізген дұрыс. Алаяқтар көбіне өздерін қаржы мекемелерінің қауіпсіздік қызметі деп таныстырып, шотыңызды бұзбақ болып жатыр деп сенімді түрде айтады, – дейді Петропавл қ. Полиция басқармасының бастығы Жандос Мұқатов. Мұндай қоңыраулар кезінде әбіргерге салынбаған жөн. Арнайы байланыс телефондары арқылы банкке хабарласып, өз жинақтарыңыздың сақталуына көз жеткізген жеткілікті.

Алаяқтар сатушы немесе сатып алу ретінде өздерін таныстыра отырып, Интернетте хабарландыру арқылы өздерінің қылмыстық әрекеттерін жүргізетіндігін естеріңізге саламыз. Жыл басынан Петропавл қ. ПБ “Instagram” әлеуметтік желісінде хабарландырулар бойынша тауар сатып алмақ болып алаяқтардың құрбанына айналған алты қала тұрғыны жүгінген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру