Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Профилактикалық есепке 45 адам қойылды

СҚО полицейлері “Бұзушы” іс-шарасының алғашқы күнінде 463 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жылдың алғашқы аптасынан полицейлер отбасы-тұрмыстық саладағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстарды күшейтті. Учаскелік инспекторлар бұрын сотталған адамдардың, аз қамтылған отбасылардың тұрғылықты мекенжайларына барады. Ал, патрульдік полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтасыз ету бойынша рейдтік іс-шараларды жандандырды.

Қаңтардың 14-нен бастау алған “Бұзушы” жедел-профилактикалық іс-шарасына учаскелік инспекторлар, ювеналдық және патрульдік полицейлер – жалпы жергілікті полиция қызметінің барлық бөліністерінің 600-ден астам қызметкері жұмылдырылды. Инспекторлар аулаларды аралап, проблемалы мекенжайларға барады. Учаскелік инспекторлардың міндеті – зорлық-зомбылыққа жол бермеу, оның ауыр салдарының алдын алу үшін қажетті шаралар жасау.

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматовтың айтуынша, “Бұзушы” жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы күнінде облыс аумағында түрлі 463 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Учаскелік инспекторлар түрлі профилактикалық есептерде тұрған 297 адамды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерді. Ұсақ бұзақылықтың – 51, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үй-жайдан тыс ересектерсіз жүруінің 39 фактісі анықталды. Профилактикалық есептерге 45 адам қойылды.

Тағы бір маңызды бағыттардың бірі – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Операцияның басынан бері бес мас жүргізуші ұсталды. Жылдамдықты асырғаны үшін – төрт, сондай-ақ, көлік басқару құқығынан айырыла тұра темір тұлпар тізгіндеген екі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 56 жүргізушіге, рөлде келе жатып телефон қолданған 36 адамға әкімшілік хаттама толтырылды. Жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін 12 жүргізушіге ескертулер берілді. Ал, жаяу жүргіншілердің тарапынан Жол қозғалысы қағидаларының 59 бұзушылығы анықталды. “Бұзушы” жедел-профилактикалық іс-шарасы 16 қаңтарға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру