Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер арнайы операция жүргізді

Елордалық полицейлер арнайы операция жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі заттарын жеткізу арналарын және қылмыстық топтардың іс-әрекетін жоюға бағытталған іс-шаралар өткізу барысында Нұр-Сұлтан қаласында есірткі затын өткізу кезінде 36 жастағы ер адам ұсталды. Үйдің ауласын тінту барысында “гашиш” буып-түйілген сегіз полиэтиленді шағын пакеттер, сондай-ақ, үйдің ішінде салмағы 600 грамм “гашиш” екі полиэтилендік пакетте табылды.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері саяжай қоғамдарының бірінде елордаға есірткі жеткізушіні – 50 жастағы қала тұрғынын ұстады. Үйін тінту барысында өткізуге дайындаған жалпы салмағы шамамен 1 кг құрайтын “каннабис шайыры” салынған 50 сіріңке қорабы тәркіленді.

Ірі көлемде тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1,5 кг немесе 3 500 бір реттік доза “гашиш” тәркіленді.

Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған күдіктілер Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру