Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мал ұрлығының алдын алу бойынша рейдтік жұмыстар жүргізілуде

Түркістан облысында мал ұрлығының алдын алу бойынша рейдтік жұмыстар жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы ауданында мал ұрлығының алдын алу бойынша ауыл тұрғындарының малдарын сырғалау және таңбалау жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар бүгінгі күні аудан бойынша жалпы 149 мал қораның 127-не келісім шарты жүргізіліп отыр.

Мал ұрлығы қылмыстарын алдын алу мақсатында “Үш жақты келісім шартты” бүгінгі күні аудан бойынша жалпы 149 мал қораның 127-не ған келісім шарты жүргізіліп отыр. Сондықтан полицейлері және әкімшілік қызметкерлері мен бірге мал иелеріде бірге осы мал ұрлығын алдын алуға жауапкершілікті сезінуі керек.

Мал ұрлығын алдын алу бағытында түнгі рейдттік іс-шаралар ұйымдастырылып құжатсыз мал тасмалдаған 205 автокөлік тексеріліп. Оның ішінде, құжатсыз мал тасмалдаған тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 406,408-баптарымен 32 хаттама толтырылып, аудандық ветеринария бөліміне жолданды. Мысалы, “Арыс-Темірлан” тас жолы бойында Ордабасы АПБ-ның полицейлері “Газ-3302” маркалы жүк көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында екі жылқы, бес қой малдарын заңсыз тасымалдағаны анықталды. Аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша хаттама толтырылып, аудандық ветеринария бөліміне жолданды.

Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға заңсыз тасымалдаулар, белгіленбеген орындарда малды сою, ен-таңбалары жоқ малдарды саудаға салу деректерін болдырмау мақсатында жұмыстар жалғаса беретінін ескертеді. Сондықтан малды қараусыз жібермей, бақташы жалдауға, уақытылы ен-таңбаларын салдыртып, құжаттардыруға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру