Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл тұрғыны интернет-алаяққа алданып, екі миллион теңгесінен айырылды

Петропавл тұрғыны интернет-алаяққа алданып, екі миллион теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл полицейлері қала тұрғындарын өздерінің құпия мәліметтерін ешкімге айтпауға және киберқылмыскерлердің қулықтарына көнбеуге шақырады. Соңғы уақытта “банктің қауіпсіздік қызметінен хабарласып тұрмын” деген сөздер тұрғындарды үлкен шығынға батыруда. Петропавл тұрғынына белгісіз біреу хабарласып, оның атына ірі көлемде несие ресімделгенін айтып хабарласқан. Әйелге басқа несие ресімдеп, атына алынған несиені «жабуды» ұсынады. Қаскөйлердің нұсқауларын рет-ретімен орындаған әйел өз телефонына интернет-банкинг қосымшасын жүктеп, тексерістен өтеді, кейін 1 миллион 990 мың теңгеге бірден екі несие ресімдейді. Қылмыскерлер әйелдің сеніміне кіріп алып, банк картасының сыртындағы cvv-кодын біліп алған. Осылайша картасындағы бар соманы иеленген.

Ұқсас сценарий бойынша тағы бір қала тұрғыны алданып қалған. Қаскөйлердің айтуымен ол 200 мыңға несие ресімдеп, басқа банктегі ұсынылған шотқа аударып жіберген.

– Құпия сөздер, пин-кодтар, cvv-кодтар, sms хабарлары – қандай жағдай болмасын бөгде адамдарға сеніп айтуға болмайтын ақпараттар, – дейді Петропавл қ. Полиция басқармасының бастығы Жандос Мұқатов. – Қылмыскерлердің айла-амалдары жетіп жатыр. Мәселен, олар банктің call-орталығы нөмірлерінің соңғы цифрларына сәйкес келетін телефон нөмірін таңдап, қоңырау шалып, сол сәйкестікті алға тартады. Кейде олар жәбірленушінің шотында соңғы кезде жасалған операциялар туралы хабардар болып жатады. Есте сақтаңыз: егер өзін банк қызметкерімін деп таныстырған адам қандайда бір қаржылық операция жасауды және құпия мәліметтерді атауды талап етсе, олар – алаяқтар. Мұндай жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, полицияға хабарласып, болған мән-жайды айтыңыз. Егер күмәндансаңыз банктің call-орталығына хабарласуыңызға болады немесе банк бөлімшесіне барып, шотыңызбен ешқандай әрекеттер жүргізілмей жатқанына көз жеткізген абзал.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру