Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда 7 “SOS” түймесі жұмыс істейді

Петропавлда 7 “SOS” түймесі жұмыс істейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда халық үшін полициямен әртүрлі байланыс арналары құрылған: дәстүрлі 102 нөміріне қоңырау шалудан бастап, “102” мобильді қосымшасында хабарлама жіберуге болады. Сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда “SOS” түймелері орнатылған, оларды басу арқылы тәуліктің кез келген уақытында кезекші бөліммен тікелей аудио және бейнебайланыс орнатуға болады. Түймелердің орналасуы бейнебақылаумен жабдықталған, қиын жағдайда бұл кезекші бөлімнің қызметкеріне жағдайды өз бетінше бағалауға мүмкіндік береді. Түймелер жерден бір метр биіктікте орналасқан. Оларды тіпті балалар да қолдана алады.

Петропавлда мұндай түймелерді орнату 2021 жылы бастау алды. Осы уақыт ішінде олардың функционалы арқылы жедел басқару орталығына полицияның жедел ден қоюын талап ететін 7 шақыру келіп түсті. Нәтижесінде олардың біреуі бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды, екеуі бойынша кінәлі адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінгі күні келесі орындарда 7 түйме жұмыс істеп тұр: Жас Өркен шағын ауданындағы “Волна” дүкенінің жанында, Қазақстан Конституциясы көшесі бойындағы “ЦУМ” СҮ және “Dostyq Mall” СОО жанында, “Алтын арман” және “Евразийский” базарлары жақын орналасқан Е. Бөкетов алаңында, Береке шағын ауданындағы Назарбаев зияткерлік мектебі мен “Северный” супермаркеті. Н. Назарбаев көшесінде “Magnum” және “Северный” супермаркеттерінің жанында, сондай-ақ “Сокол” СҮ ауданында 2 түйме бар. Тағы біреуін Жұмысшы кентіндегі “Жібек жолы” базарына келушілер пайдалана алады.

СҚО полиция департаментінде атап өткендей, “SOS” түймелері қоғамдық орындарда қауіпсіздіктің алдын алу және қауіпсіздікті ұйымдастырудың қосымша шарасы саналады. Телефон сөніп тұрған сәтте және уақыт тығыз жағдайда полицияға қоңырау шалу үшін көп көмегін тигізеді. Полиция қызметтерінің қол жетімділігі, цифрландыру, процестерді автоматтандыру — адамның қажеттіліктеріне бағытталған жұмыстың сервистік моделін құрудың негізгі факторларының бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру