Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы ПД командасы волейболдан турнирдің күміс жүлдегерлері атанды

Павлодар облысы ПД командасы волейболдан турнирдің күміс жүлдегерлері атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел әрекет ету арнайы жасағының арнайы мақсаттағы бөлімшесінің 20 жылдығына орай Павлодар облысының құқық қорғау және күш құрылымдары командалары арасында волейболдан турнир өтті. “Баянтау” спорт кешенінің алаңына өз ведомствосының намысын қорғау үшін 8 команда шықты. Турнирге қатысушыларға Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр құттықтау сөз сөйледі.

– Волейбол – командалық спорт түрі, ал жарысқа қатысудың нәтижесі – оның барлық мүшелерінің күш-жігерінің нәтижесі. Сіздерге өзіңіздің ең жақсы қасиеттеріңізді – шеберлік пен қабілеттілікті, жеңіске деген жігер мен табандылықты көрсетуге тілектеспін, – деді Скляр.

Барлық ойыншылар әдемі және нәтижелі ойын көрсетті. Жалпы достық атмосфераға қарамастан, алаңда салауатты бәсекелестік рухы орнады – ешкім жеңілгісі келмеді және әр ойын өзінше қызық және эмоцияға толы болды.

Турнир қорытындысы бойынша ҰҚКД командасы үздік нәтиже көрсетті, полиция департаментінің командасына екінші орынға, ТЖД командасы үшінші орынға ие болды.

Команда қатысушыларын номинациялар бойынша да атап өтті:

“Үздік ойыншы” номинациясы бойынша Гурия Ахтанова марапатталды (Павлодар облысының ҚСжАЕКБ).

“Үздік байланыстырушы” Василий Макеев атанды (Павлодар облысы ТЖД).

“Үздік қорғаушы” Алишер Сартаев атанды (МКҚБ)

Ойынның “Үздік шабуылшысы” номинациясын Бақтияр Қахарман иеленді (Павлодар облысы ҚАЖД).

Жарыс қорытындысы бойынша қатысушылар кубоктармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық жанкүйерлер мен көрермендер жағымды эмоцияларға ие болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру