Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда патрульдік полицейлер өрт шыққан үйден екі зейнеткерді аман алып шықты

Патрульдік полицейлер Петропавлдағы ықшам ауданда шыққан өрттен екі зейнеткерді аман алып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қараша күні сағат 11:05 кезінде Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жәнібек Әнуарбеков пен Қанат Балтабаев Жас өркен ықшам ауданындағы жеке сектордан шығып жатқан қою түтінді байқап қалған. Инспекторлар түтіннің Ертіс көшесіндегі бір-біріне қосылып салынған көппәтерлі үйден шығып жатқанын анықтады. Олар дереу өрт сөндіру қызметін шақырып, 70 және 71 жастағы ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өрттен құтқарып, газ баллонын алып шықты.

Өрт сөндірушілер тез арада тиісті шаралар қабылдап, болжам бойынша өрттің электр желілерін пайдалану қағидаларын бұзудан пайда болғанын анықтады. Полиция мен өрт сөндірушілердің бірлескен сауатты іс-қимылының арқасында ешкім зардап шекпеді. Өрт толық ауыздықталғаннан кейін Жәнібек Әнуарбеков пен Қанат Балтабаев өздеріне бекітілген учаскеде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кірісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру