Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда патрульдік полицейлер РФ-дан айдап әкетілген екі көлікті анықтады

Петропавлда патрульдік полицейлер РФ-дан айдап әкетілген екі көлікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Электронды планшеттер мен Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі деректер базасымен тұрақты байланыстың арқасында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала ішінде жүру кезінде көліктердің деректерін жедел тексере алады. Ол үшін іздеу жолағына мемлекеттік нөмірді енгізу жеткілікті және сақтандыру, техникалық байқау туралы және басқа да ақпарат алуға болады. Атап айтқанда, 17 желтоқсанда Петропавл қ. ПБ ППБ экипаждарының бірі Петропавл тұрғыны басқарған ресейлік тіркеу нөмірі бар “Seat Leon” көлігін тексерген. 2 қыркүйекте РФ Түмен облысы бойынша ІІМ Басқармасы айдап әкетілген ретінде іздеу жариялағаны белгілі болды. Көлік Астана мен Бостандық көшелерінің қиылысында тоқтатылған. Аталған факті бойынша жиналған материал Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінде Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеушілер көлікті сатып алудың мән-жайын анықтау үшін қала тұрғынынан жауап алды. Тергеу шеңберінде ҚР Қылмыстық кодексінің 386-бабы (Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу) бойынша сараптама тағайындалып, техпаспортта көрсетілген автокөліктің vin-кодының сәйкестігі анықталатын болады. Егер айдап әкетілгеннің нақты сол көлік екендігі анықталса, петропавлдық тәртіп сақшылары барлық материалдарды ресейлік әріптестеріне тапсырып, көлікті заңды иесіне қайтару мәселесі шешілетін болады.

Бұған дейін де осындай жағдай орын алған. Желтоқсан айының басында патрульдік полицейлер Астана мен Брусиловский көшелерінің қиылысында “Chevrolet Cruse” автокөлігін тоқтатқан, ол РФ Челябі облысынан айдап әкетілген. Автокөлікті басқарған Петропавл қаласы тұрғыны ұсынған құжаттарда қолдан жасау белгілері болғандықтан облыс орталығы ПБ қызметкерлері аталған фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша СДТБТ енгізді.

– Цифрлық технологияларды пайдалану патрульдік полицейлердің жұмыс тиімділігін арттырады, — дейді Петропавл қ. ПБ ППБ командирі Қанат Әлімжанов. — Шетелде тіркелген көліктермен жүргісі келетін барлық жүргізушілерге, осындай жағдайға тап болмас үшін көліктердің заңды шығарылуын мұқият тексеруге кеңес береміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру