Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда пневматикалық қарумен бұзақылық жасады деген күдікпен қала тұрғыны ұсталды

Петропавлда пневматикалық қарумен бұзақылық жасады деген күдікпен қала тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұзақылық фактісі Петропавлдағы сауда үйлерінің бірінде орын алған. Бұл туралы хабарлама полицияға 18 сәуір күні шамамен сағат 19.00-де келіп түскен. Дәмханада сүйіктісімен жанжалдасқан келушілердің бірі бойжеткеннің соңынан қуа жөнелген және эскалаторда газбалонды пневматикалық қарумен қорқытқан. Сауда үйіндегі өзіндік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері жанжалқой келушіні ұстап, шақырту бойынша келген автопатрульге тапсырған. Күдікті, яғни бұрын сотты болған Петропавл қаласының 23 жастағы тұрғыны масаң күйде болған.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тапанша алынып, сараптамаға жіберілді.

– Заңмен бұзақылық жасағаны үшін екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жүмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген, – деді Петропавл қ. Полиция басқармасы анықтау бөлімінің бастығы Дәурен Негиметов. – Баршаларыңызды жауапкершілікті естен шығармауға және эмоцияға берілмеуге шақырамыз.

Жыл басынан облыста 30 бұзақылық фактісі тіркелді. Полицейлер жеке күзеттің барлық түрлері құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде полицияның сенімді серіктері екенін атап өтті.
Ұрлық жасалған жағдайда бизнес-объектілердің қауіпсіздік қызметтері криминалдық полиция қызметкерлерімен тығыз өзара іс-қимыл жасайды. Тіркелген жеке күзет құрылымдары патрульдеуге қатысады, өз бағыттарында берілген бағдарды тексереді. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік емес күзет құрылымдарының қызметкерлері төрт қылмысты ашуға қатысып, 70 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған, күзетілетін объектілерде 12 ұрлық пен құқық бұзушылықтардың жолын кескен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру