Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысынының тұрғыны абайсызда екі саяжай үйін өртеді

Ақмола облысында саяжай иесі жапырақтарды өрттеген кезде, өрт көрші учаскіге де жайылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Бурабай ауданының ПБ кезекші бөліміне өртке қарсы қызмет диспетчерінен Зеленый Бор кентіндегі “Дружба” саяжай кооперативінде саяжай үйінің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері көрші учаскенің 54 жастағы иесі сол күні өзінің жеке учаскесінде құрғақ шөп өртегенін анықтады. Алайда, өрт көрші учаскіге тарады, сонымен қатар басқа көршінің саяжай үйіне жайылды.Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 204-бабының 1-бөлігі (Бөтен мүлікті абайсызда жою) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мойындау айғақтары бар. Күдіктіге қатысты іс-жүргізу “келу міндеттемесі” мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру