Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантинде жұмыс істеген кафе анықталды

Шымкентте мониторинг жүргізу барысында карантин режимін бұзу жайттары анықталуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 сәуір сағат 23:15-те қаладағы Б. Момышұлы көшесінің бойында орналасқан “The Пап”  суши-ресторанының әкімшілігі карантин талаптарын сақтамай жұмыс істегені анықталды. Оның ішінде онға жуық адам болған.

Анықталған құқық бұзушылық жайтына қатысты, нысан иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша жинақталған материалдар Әл-Фараби ауданы бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы жолданған.

Тәртіп сақшылары тұрғындарға тұрақты түрде карантин талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру