Петропавлда пробация қызметкерлері донорлық қан тапсырды
Петропавлда пробация қызметкерлері донорлық қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 ақпан күні Петропавлдағы аймақтық қан орталығында донорлық акция өткізілді. Донорлық акцияға Петропавл қаласының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша пробация қызметінің қызметкерлері қатысты.
Бұл күні облыстық пробация мекемелері мен қызметтерінің еріктілері қан тапсырды.
Іс-шараның мақсаты – өмірлік маңызы бар адамдарға көмектесу және мүмкіндігінше адамдарды қатарға тарту. Орталық қызметкерлері донорлардың жалпы денсаулық жағдайын тексергеннен кейін, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің барлық қызметкерлері қабылданды.
– Біз қылмыстық-атқару жүйесінің барлық донорларына, сондай-ақ донорлық акцияны ұйымдастырушыларға шын жүректен алғыс айтамыз. Барлық қызметкерлерге денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Біздің донорларға амандық пен сәттілік!, – деп атап өтті орталықтың медицина қызметкерлері.