Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бір тәулікте терезесі күңгірттелген 97 көлік жүргізушісі анықталды

Шымкентте бір тәулікте терезесі күңгірттелген 97 көлік жүргізушісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 ақпанда қала аумағында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында терезесі күңгірттелген, яғни терезесі күн сәулесі өту мөлшері ережесіне сай келмеген 97 көлік жүргізушісін анықтады.

Нәтижесінде, көлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқаруға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынатыны туралы түсіндірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру