Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда ювеналдық полицейлер түнде жалдамалы пәтерлерде бас қосқан 18 кәмелетке толмағанды анықтады

Петропавлда ювеналдық полицейлер түнде жалдамалы пәтерлерде бас қосқан 18 кәмелетке толмағанды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлдың ювеналдық полицейлері өткен демалыс күндері көңіл көтеру орындары бойынша түнгі рейдтер өткізді. Екі дәмхананың иесі кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз сағат 22:00-ден келуіне жол бергендері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, полицейлер рейд барысында түнгі уақытта үйден тыс жерде жасөспірімдер тобы жиналуы мүмкін деген ақпарат алады. Жалға берілген пәтерде 8 кәмелетке толмаған анықталды. Сол үйде тәулік бойы жалға берілетін келесі бір пәтер орналасқан. Есік сыртынан музыканың даусы қатты естіліп тұрды. Онда 10 адамнан құралған кәмелетке толмағандардың тағы бір тобы бас қосқаны белгілі болды. Жас құқық бұзушылардың жасы 13 пен 17-ні құрайды. Профилактикалық әңгіме өткізілгеннен кейін олар ата-аналарына табысталды.

– Ата-аналардың көбі олардың ұлдары мен қыздары достарының үйінде түнейтіндігіне сенімді болған. Үлкендерден балалардың бос уақытын өткізулеріне көңіл бөлуді сұраймыз. Бұл жастағылар өздерін еркін сезіне отыра, олар криминалдық ортаға түсіп кетуі немесе қылмыстың құрбанына айналуы мүмкін. Еске саламыз: кәмелетке толмағандарға сағат 22:00-ден ойын-сауық мекемелерінде болуына, сағат 23:00-ден сағат 06:00-ге дейін тұрғынжайдан тыс жерде жүруіне жол берілмейді, – дейді Петропавл қалалық ПБ ЖПҚ ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы Эльмира Абушева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру