Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда жатақхана тұрғындары өз терезелерінің астын тұрмыстық қалдықтарды тастайтын орынға айналдырды

Петропавлда жатақхана тұрғындары өз терезелерінің астын тұрмыстық қалдықтарды тастайтын орынға айналдырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілердегі белгілі пабликтерде Петропавл қаласының шегінде үйілген қоқыстар түсірілген фото және видеолар жарияланып тұрады. Осындай жарияланымдардың бірі желі қолдданушыларының қызу талқысын тудырды. Н. Назарбаев көшесіндегі жатақханаға іргелес аумақ бірнеше рет осындай жарияланымдардың “жұлдызына” айналған. Полиция заңсыз тұрмыстық қалдық тастау орындарын жатақхананың өз тұрғындары жасайтынын растады, бұл әрекеттері үшін бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылды. Терезе астындағы толған қоқыстар Петропавл қаласының эстетикалық келбетіне бей-жай қарамайтын белсенді желі қолданушылары объективтерінің нысанасына алынған. Учаскелік полиция инспекторы кезекті рет осы мекенжай бойынша жұмыс жүргізді. Оған жатақхананың бес тұрғынына қатысты әкімшілік хаттама толтыруына тура келген. Жергілікті полиция қызметінің қызметкері жазамен шектеліп қана қоймай, аумақты тазалау бойынша тұрғындармен сенбілік ұйымдастырды.

– Жыл басынан Петропавлда полицейлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша 1 684 хаттама толтырды, — дейді Петропавл қ. ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин. — Көбіне ескерту сынды жазалау шарасы жиі пайдаланылады. Айыппұл санкциясы қайталанған бұзушылықтар жасалған кезде қолданылады. Абаттандыру қағидаларын сақтау жөніндегі жұмыстың мақсаты — туған қала көшелерінде тазалықты ұстау әдеттеріне тәрбиелеу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру