Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда жыл басынан интеллектуалды бейнекамера 59 жылдамдық режимін бұзуды анықтады

Петропавлда жыл басынан интеллектуалды бейнекамера 59 жылдамдық режимін бұзуды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл көшелерінде «Интегра» және «Мираж» интеллектуалды бейнебақылау жүйелері жұмыс істейді. Олардың жұмысын жол жүрісі ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркейтін 43 бейнекамера қамтамасыз етеді. Абай-Н.Назарбаев, Интернациональная-Жамбыл, Интернациональная-Астана көшелерінің қиылыстарында орнатылған жүйелер бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту мен тоқта сызығынан шығып кетуді анықтауға бағдарланған. Жамбыл-Партизан, Ғ.Мүсірепов-Жамбыл, Н.Назарбаев-Интернациональная мен Жұмабаев-К.Сүтішев көшелерінің қиылысындағы әділ электроника бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту мен жылдамдықты асыруды тіркейді.

– Үш айда облыс орталығында бақылау-өлшеу құрылғыларының көмегімен ЖЖЕ 3627 бұзу тіркелді, — СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Болат Жексембинов. — Тәжірибе көрсеткендей, бүгінгі күннің өзекті мәселесі – тоқта сызығына шығып кету болып отыр. Интеллектуалды бақылау жүйесі толтыратын хаттамалардың дені осы бұзушылықтармен байланысты. Көше қиылыстарынан өту жүргізушілерден ерекше сақтықты талап етеді, асығыстық ЖКО жасауға әкеліп соқтырады. Автокөлік иелерінен қырағылық танытып, ЖЖЕ қатаң сақтауды сұраймыз.

Болат Жексембинов жыл басынан жылдамдық өлшегіштер рұқсат етілген жылдамдықты асыру сияқты өрескел бұзушылыққа жол берген 59 жүргізушіні жауапқа тартуға көмектескенін хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру