Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда жыл басынан тыныштықты бұзудың 1447 фактісі тіркелді

Петропавлда жыл басынан тыныштықты бұзудың 1447 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мас күйдегі төбелестер, кешкі отырыстар, отбасылық жанжалдар — бұндай фактілер жұмыстан кейін демалып жатқан адамдардың, балалардың, қарттардың түнгі тыныштығын бұзады.

Петропавл полицейлері жыл басынан бері осындай 1447 шақыртуға барды. Әрекет ету тиімділігін арттыру үшін Петропавлда әр кеш сайын патрульдік полиция қызметкерлерімен бірге үш учаскелік инспектор — қала орталығы бойынша, облыс орталығының бірінші және екінші бөлімдері бойынша кезекшілікке түседі. Олар тыныштықты бұзу сигналдарын тексереді және сол жерде хаттама толтырады. Демалыс күндері учаскелік полиция инспекторлары қызметінің тағы 3 қызметкері қосымша кезекшілік етеді. Жауапкершілік аймағында – ойын-сауық мекемелеріндегі құқықтық тәртіп және түнде шу шығару фактілері.

– Шақыртулардың басым бөлігі жалға берілетін пәтерлерден келеді. Учаскелік инспекторлар пәтер бюроларының әкімшілігімен алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Әрбір жалға алушыға түнгі уақыттағы шу үшін жауапкершілік туралы ескертіледі. Бұзылған жағдайда, тынышсыз клиент дереу шығарылады. Көршілерден шағым көп түсетін үйлерді учаскелік инспекторлар кәсіпкерлерге ұзақ мерзімге жалға беруді ұсынады. Әдетте бұл мәселені шешуге мүмкіндік береді, – дейді Петропавл қаласы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Айдын Ақмағамбетов.

Полицейлер еске салады: жұмыс күндері сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден 10:00-ге дейін тыныштықты бұзу жеке тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру