Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жазғы дәмханалар карантин талаптарын бұзып келген

Өткен демалыс күндері петропавлдық полицейлер карантиндік шараларды сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ашық аспан астында жұмыс істеп тұрған және адамдар көп жиналатын басқа да орындарға баса назар аударылды. Облыс орталығында 32 нысан, дәлірек айтқанда дүкендер, дәмханалар, базарлар тексерілді.

– Тексеру жұмыстары кезінде Парковая көшесіндегі жазғы дәмханалардың бірінде 30-дан астам адам отырған, олардың арасында әлеуметтік арақашықтық сақталмаған. Үстелдер арасында қауіпсіз арақашықтықтың сақталмауы, мекеме қызметшілерінің дене қызуын өлшеудің бақылауға алынбауы – басқа да дәмханалардың иелеріне қатысты карантин талаптарын сақтамағаны үшін материал жинауға негіз болды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 425-бабы “Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу” бойынша Петропавлда бес материал жиналып, олар қазіргі уақытта шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға жіберілді, – дейді Петропавл қ. Полиция басқармасы құрамындағы Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Айдын Ақмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру