Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шаңырағы шайқалған 29 отбасы есепке алынды

Алматы облысында шаңырағының шырқы бұзылған 29 отбасы мен кәмелетке толмаған 20 жасөспірім есепке алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әдетте, отбасыға салғырт қарап, ата-ана міндетін орындамайтын әке мен шеше ішімдікке жақын келеді.

– Сондай үйлерге барған сайын ювеналдық полиция инспекторлары ата-ананың үйдегі жағдайды жақсарта алмайтынына, енді қайтып түзетілмейтініне көз жеткізіп жатады. Ондай үйлерде антисанитария қалыптасады. Сол орындарда  көп бала “тәрбие” алып жатыр. Тәжірибе көрсеткендей, ішімдікке салынған ата-аналар бала тәрбиелеуден толығымен алшақтап, өз үйіне маскүнемдерді жинайды. Осы факторлардың өзі кәмелетке толмағандардың жалпы тәрбиесіне теріс әсер етеді және олардың болашағына қауіп төндіреді. Олардың жасында балалар дамумен, түрлі танымдық секцияларға қатысумен шұғылдануы керек. Біз әр кезде жағдайды түзетуге ант, уәде беретін осындай ата-аналармен алдын алу әңгімелерін бірнеше рет өткіземіз. Қазір бұндай отбасылар туралы арнайы комиссияға мәселе қойылады, содан кейін аудандық бөлімше қызметкерлері материалдарды сотқа дайындайды, – деп түйіндеді Алматы облысы ПД ЖПҚБ ювеналды полицияның ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Медет Кунанбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру