Петропавлдың есірткі сатқан 20 жастағы тұрғыны анықталды
Петропавлдың 20 жастағы тұрғыны есірткі сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласының 20 жастағы тұрғынын 2022 жылдың жазында ұстады. Ол көрсеткен орындарда әсері қатты синтетикалық есірткінің бірі мефедрон психотроптық зат салынған 4 түйіншек табылды. Тергеу анықтағандай, ұсталған қыз интернет кеңістігіндегі есірткі дүкендерінің бірінде бірден екі аккаунтта тіркеліп белсенді жұмыс істеп келген.
Материалдар ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа жіберілді.
– Синтетикалық есірткіні өткізу фактілерінің жолын кесу – полицияның басым міндеттерінің бірі, – дейді облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.
Жыл басынан облыста есірткі өткізгені үшін 3 адам сотталды.