Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицей өрттен үш адамды аман алып қалды

Түркістан қалалық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметкері, учаскелік полиция инспекторы Әділбек Мархабай өрттен үшін адамды алып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға Түркістанның Отырар мөлтек ауданындағы үйлердің бірінде болған. Тәртіп сақшысы тілсіз жаудың ортасынан егде жастағы екі қария мен қызын құтқарып алды. Өрт сөндіру қызметі мен жедел-жәрдем шақырып, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсеткен.

Үй иелері зардап шеккен жоқ.

– Қасымда екі әскери ерікті болды. Шахрух Журабеков пен Мақсат Жұманазаров есімді жігіттермен өзімізге берілген аумақта қоғамдық тыныштықты бақылап жүрдік. Бір мезетте Отырар мөлтек ауданындағы үйлердің бірінде кіре-берістен түтін шығып, халық шулап кетті. Сол жерге тез жетіп, ішке қарай кірдік. Үйдің тұрғындарын қауіпсіз аумаққа шығарып, шамамыз келгенше көмек көрсеттік,дейді Ә.Мархабай.

Тұрғындар көмекке келген тәртіп сақшыларына ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

ӘділбекКелес ауданында дүниеге келген. Жергілікті жердегі мектепті бітірген соң, Қостанайда жоғары білім алады. Ішкі істер саласындағы еңбек жолын учаскелік полиция инспекторы болып бастаған. Жұмысқа орналасқанына әлі жыл толмаған тәртіп сақшысы қызмет бабында қырағылығымен көзге түсіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөлінді.

​ Әрдайым жұмыс барысында халықпен тығыз қарым-қатынас орнатамыз. Мәселелерін тыңдап, жағдайды үнемі бақылауда ұстаймыз. Халықа көмек беріп, қолдау көрсету біздің азаматтық борышымыз,дейді полицей Әділбек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру