Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер 82 жастағы зейнеткерге әкелінбеген отынның ақшасын қайтарып берді

Полицейлер 82 жастағы зейнеткерге әкелінбеген отынның ақшасын қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО-да аудандық газетте Шал ақын ауданы полиция бөлімі жедел уәкілі Асылбек Рахметовке алғыс жарияланды. Аудан орталығы Сергеевкада тұратын 82 жастағы зейнеткер Степанида Иосифовна Бебко: «…А.С. Рахметов қылмыс пен алдаудың жолын кесті. Ақша қайтарылды. Оған денсаулық, қызметте табыс пен сәттілік тілеймін» деп жазған екен.

Маусым айының соңында зейнеткер қысқа бір жүк көлік отынға тапсырыс берген екен: көшеде жүк көлігінің жүргізушісі қайың отынын жеткізіп беретіні туралы тапсырыс қабылдаған. Әжей қолайлы ұсынысты қабыл алып, жүргізушіге 15 мың теңге берген. Алайда, бірнеше апта өткен, жүргізушіден еш хабар болмаған. Зейнеткер асығып жүріп, жүргізушінің телефон нөмірін түгілі есімін сұрамаған. Бір айдан соң, Степанида Иосифовна арыз жазу үшін полиция бөліміне барған. Арызы Ақпаратты есепке алу кітабына енгізіліп, іс жас жедел уәкіл Асылбек Рахметовке тапсырылған.

Отын әкеліп бермек болған жүргізушіні келесі күні анықтау мүмкін болды. Үй-үйді аралау кезінде Асылбек Рахметов көрші әйелдердің бірі Степанида Иосифовнадан тапсырыс қабылдаған жүргізушінің жүк көлігінің алдыңғы әйнегі шытынаған болғандығын есіне түсірген. Көп ұзамай жүргізуші анықталды. Мән-жайды анықтау кезінде машинаның кенеттен істен шыққаны, бірнеше күн бойы жаңбырдың қатты жауғаны, сондай-ақ басшылыққа Сергеевка қ. тұратын зейнеткердің тапсырысы туралы уақтылы жеткізілмегені белгілі болды. Нәтижесінде әжейдің ақшасы қайтарылды, одан кешірім сұрап, жағдайды түсіндірген екен, материал номенклатуралық іске жазылды.

Полицейлер мән-жайды анықтауды талап ететін, қылмыс белгілері жоқ осындай жағдайлар өте аз кездесетінін атап өтті. Күйбең жұмыс күндерінде полицейлердің адамдарға күрделі жағдайлардан шығуға көмек көрсетіп жатқандары байқала бермейді. Егде жастағы адамдар тырнақтай істі байқап бағалап жатады. Ересектер арасында танымал аудандық газетте жарияланған алғыс – күнделікті қызу қызметте тәртіп сақшыларына, әсіресе жас полицейлерге мотивация береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру