Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда үйдің кіреберісінен велосипед ұрлап кеткен ер адам қолға түсті

Нұр-Сұлтанда үйдің кіреберісінен велосипед ұрлап кеткен ер адам қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Ағымдағы жылдың шілде айында ғана Сарыарқа ауданының аумағында 16 велосипед ұрлығы тіркелді, бұл қылмыстың осы түрінің айтарлықтай өсуін құрады. Статистикаға сәйкес, жыл басынан бері аудан аумағында 91 велокөлік ұрлығы тіркелді. Жалпы алғанда, полиция қызметкерлері 48 ұрлықты ашты, – деп Нұр-Сұлтан қаласы ПД Сарыарқа ауданы ПБ бастығының орынбасары Дулат Жұмағұлов атап өтті.

Жақында полицейлер тағы бір кезекті велосипед ұрысын ұстады. Белгілі болғандай, белгісіз адам күндізгі уақытта Күмісбеков көшесіндегі тұрғын үй кешенінде құны 65 мың теңге болатын “Плато” маркалы велосипедті ұрлаған. Ер адам бір тәулікке пәтер жалдап, кетіп бара жатқанда, күдікті баспалдақ астындағы велосипедті арқансыз тұрғанын байқап, оны ұрлап кеткен. Кейін оны бес мың теңгеге көшедегі белгісіз адамға сатқан.

Полицейлер қылмыс орнынан қаскүнемді бейнежазба арқылы анықтаған.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті азаматтарға бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Полицейлер азаматтарға ұрланған затты сатып алғаны үшін ҚР ҚК 196-бабы – Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Санкция 20-дан 160 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Полиция қызметкерлері ұстаған 39 жастағы күдікті өз кінәсін мойындады. ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, сондай-ақ, оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Велосипед иесіне қайтарылды.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға сақ болуға, велосипедтерді қараусыз қалдырмауға, қаскөйлерді қызықтырмас үшін міндетті түрде ұрлыққа қарсы сенімді велосипед құлыптарын пайдалануды ұсынады. Тұрақ ретінде бейнебақылау камераларының көру аймағында орналасқан жақсы көрінетін жерлерге мән беріңіз.

Егер Сіз күдік тудыратын адамдарды байқасаңыз, полицияға немесе “102” мобильді қосымшасы арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру